Сұрақтар

Сіз «Тіркелімге қашықтан қол жеткізу» дегеннің не екенін білесіз бе?

Мемлекеттік тіркелім
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің Мемлекеттік тіркелім

Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің Мемлекеттік тіркелімі (бұдан әрі – АР мен АЖ Мемлекеттік тіркелімі)
ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің иелерімен жыл сайын ұсынылатын мәліметтердің негізінде, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысымен бекітілген электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің Мемлекеттік тіркелімін және депозитрайді жүргізу Ережесіне сәйкес қалыптасады және жұмыс істейді.

АР мен АЖ Мемлекеттік тіркелімінің міндеттері ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің ықпалдасуын ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің арасында деректер алмасу үшін ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің әзірлеушілеріне ақпарат беру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын ақпараттық қамтамасыз ету, Мемлекеттік тіркелімде тұрған ақпарат туралы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы ақпаратты жүйелендіру болып табылады.
АР мен АЖ Мемлекеттік тіркелімінің базасын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің адресіне ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің иелерімен қағаз және электрондық тасығышта жыл сайын берілетін ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы тапсырыстарының негізінде жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік дерекқорлар, ақпараттық жүйелер, интернет-ресурстар және деректерді беру желілері, әзірлеу және құру ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады, міндетті мемлекеттік есебін жүргізуі мен тіркеуіне жатады. Мемлекеттік емес дерекқорлар, ақпараттық жүйелер, интернет-ресурстар және деректерді беру желілері ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерде көрсетілген меншік иелерінің бастамасы бойынша жүргізілуі мүмкін. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің Мемлекеттік тіркелімі ресурс иесінің тапсырысы негізінде жүргізіледі.
Ұйымның-өтініш білдірушінің мөрімен расталған және басшымен қол ғойылған тіркеуге өтініш білдіруімен қағаз тасығыштағы тіркеу тапсырысының түпнұсқасы, сондай-ақ электрондық түрдегі (магниттік тасығыштағы) тіркеу тапсырыстары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мекен жай бойынша тапсырыс хатпен (орамахатпен) немесе қолма қол жолданады.

010000, Астана қ., Орынбор к., 8, «Министрліктер үйі», 14 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті. Байланыс телефон: 8-7172-740-685, Факс: 8-7172-740-364, Кенсе: 8-7172-740-364

010000, Астана қ., Жирентаев к., 1/1, "Мемлекеттік техникалық қызмет" РМК. Байланыс телефон: 8-7172-552-977, Факс: 8-7172-558-115

 

Поиск по сайту

Баннеры









010000, Астана қ., Орынбор к., 8, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетi.
010000, Астана қ., Орынбор к., 8, "Министрліктер үйі", 14 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетi. Байланыс телефон: 8-7172-741-345, Факс: 8-7172-740-364, Кенсе: 8-7172-740-364
010000 г Астана қ., Жирентаев көшесі, 1/1, "Мемлекеттiк техникалық қызмет" РМК. Байланыс телефон: 8-7172-552-977, Факс: 8-7172-50-53-16